Мектеп-интернат балаларына қайырымдылық көрсетілді
6 мамыр күні, «Темірәлі» мешітінің бас имамы Н. Жарқымбаев бастаған мешіт жамағаты Құрманғазы ауданы, Ганюшкин ауылы, мектеп интернатта оқып жатқан ата-анасы жоқ 10-ға тарта жетім оқушыға жазғы киім-кешек, аяқ киімдер алып беріп, қайырымдылық жасады. «Қайырым етсең, қайырын көресің» демекші, ата-анасынан айырылған бүлдіршіндерге мерекелік көңіл күй сыйлау мақсатында оқушыларды асханадан тамақтандырып, дәмді аспен, тәттілерді тарту етті.
Мектеп-интернаттың психолог маманы Гүлмира Білханқызы мен тәрбиеші Саягүл Ғариполлақызы мешіт жамағатына алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдірді.
«Темірәлі» мешітінің бас имамы Н.Жарқымбаев «Дінімізде қайырымдылық жасаудың үлкен сауапты іс екенін айтқан Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хадисінде: «Жарты құрма садақа берумен тозақ отынан сақтаныңдар», деп, үмметін қайырымдылық жасауға шақырған. Бір-бірімізбен жақсы сөйлесудің өзі садақа болып есептеледі», дей келе, жас бүлдіршіндерге өнегелі уағызын айтып, Алладан дұға тіледі.
ҚМДБ-ның Атырау өңірі бойынша
баспасөз қызметі, «Темірәлі» мешіті