«Қапан қажы» мешіті Әйел-қыздар секторы кездесу ұйымдастырды
ҚМДБ-ның Атырау өңірі бойынша өкіл имамы Батыржан Берденұлының және аудан имамы А.Исаевтың тапсырысы бойынша құрылған «Қапан қажы» мешітіне қарасты "Әйел-аналар" мектебі 6-мамыр күні ҚР Қажылар қауымдастығы Құлсары филиалының төрайымы Қалау қажымен кездесу ұйымдастырды.
Кездесу барысында Қалау қажы жастарға өнеге болатын өз өмір жолынан, намаздың пайдалары, қажылық турасында сөз қозғады. Сондай-ақ, мамыр айына жоспарланған кезекті "Отанды сүю – иманнан" тақырыбында «Қапан қажы» мешітінің имамы Жамбыл Демеуұлы уағыз айтты.
Шара соңында аналарымыз еркін пікір алмасып, отбасы берекесін сақтаудағы әйел адамның жауапкершілігіне тоқталды.
ҚМДБ-ның Атырау өңірі бойынша
баспасөз қызметі, "Қапан қажы" мешіті