Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Қала имамдары мешіт құрылысына атсалысты

Өткен аптада ҚМДБ-ның Атырау өңіріндегі өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Берденұлы бастаған қала имамдары күрделі жөндеуден өтуіне байланысты іргетасы қайта қаланып, құрылысы енді жүргізіле бастаған Атырау қалалық «Құспан молда» мешітінде қазақы дәстүрмен «Асар» рәсімін өткізді.

Жаратушының рақымы түскен Алла үйінің құрылысына ақ ниет, шынайы ықыласпен жиылған қала имамдары «Асар»  барысында топырақ тасып, ойлы-қырлы жерлерді тегістеді. Сондай-ақ, мешіт ауласында болашақ құрылыстың жүргізілуіне бөгесін болатын артық заттардан тазалап, әріптестік көмек қолдарын созды.

 

«Иманғали» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

Жоғарыға