«Ұл» көркем фильмінің тұсаукесері өтті
Бүгін қаламыздағы «Құрманғазы» мәдениет үйінде Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен облыстық Дін істері басқармасының тапсырысы бойынша «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек көрсету орталығы» Қоғамдық қоры түсірген «Ұл» қысқаметражды көркем фильмінің тұсаукесер рәсімі өтті.
Аталған көркем фильмнің негізгі идеясы – ата дәстүрімізге жат, теріс ниетті жат ағымдардың кесірінен қазіргі кейбір қазақ отбасыларының іштей іріп, бірлік пен берекеден айырылуы, ұлт қауіпсіздігіне төнген қатер қасіретін кино жанры арқылы сомдау. Фильмнің экстремизм мен радикалды ағымдардың алдын-алып, ұлт тұтастығы мен ел бірегейлігін сақтауға зор үлес қосары сөзсіз.
Туындының тұсау кесер салтанатында облыс әкімінің орынбасары Әлібек Ибатоллаұлы құттықтау сөз сөйлеп, фильмнің режиссері Амандық Есқалиев пен кейіпкер Сәбиттің рөлін сомдаған актер Қанат Ізетке алғыс сезімін білдірді. Сондай-ақ, көркем фильмді түсіру ісіне белсене атсалысқан ҚМДБ-ның Атырау өңірі бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Берденұлы мен «Құспан молда» мешітінің бас имамы Эммат Ғұмаровтарды «Алғыс хатпен» марапаттады.
Аталмыш көркем фильм алдағы уақытта «Қазақстан-Атырау» телеарнасынан көрсетілетін болады.
«Иманғали» орталық
мешітінің баспасөз қызметі