Ағабек Қонарбайұлы имамдарға шеберлік сағатын өткізді
Бүгін, 15-мамыр ҚМДБ-ның Атырау өңірі бойынша өкілдігі, «Иманғали» орталық мешіті жанындағы медреседе ҚМДБ баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы «Аудиторияға әсер етудегі психологиялық әдіс-тәсілдер», «Көркем насихат және шешендік өнер» тақырыптарында шеберлік сағатын өткізді.
Қала имамдары қатысқан шарада А.Қонарбайұлы уағыз-насихаттың мән-маңызы, қоғамдағы орны туралы аз-кем тоқталып, шаршысөз барысында сөйлеуші шешен адам қолданатын психологиялық әдіс-тәсілдер мен жүйелі де мағыналы сөз сабақтай білу өнерінің қыр-сырларымен бөлісті.
«Иманғали» орталық
мешітінің баспасөз қызметі