«Исатай-Махамбет» мешітінде Құран жарысы өтті
Махамбет аудандық «Исатай-Махамбет» мешітінде аудандық жастар ресурсының қолдауымен, «Исатай-Махамбет» мешітінің ұйымдастыруымен қасиетті Рамазан айының құрметіне орай ерлер жамағаты арасында «Құран –тура жолға бастар жол» атты Құран жарысы болып өтті.
Аудан бойынша 20 үміткер қатысқан сайыста сайыскерлер екі талап бойынша өзара сынға түсті. Бініншісі – 30-шы параны жатқа айту, екіншісі – 30-шы парадағы қысқа 22 сүрені жатқа айту.
Құран сайысына «Иманғали» орталық мешітінің наиб имамы Ардақ Жұмабекұлы, Индер аудандың «Әйіп қажы» мешітінің наиб имамы Бейбіт Ағыбаев, Мақат аудандық мұсылмандар мешітінің бас имамы Даурен Құттыбаев, сондай-ақ, аталған «Исатай-Махамбет» мешітінің бас имамы Мейрамбек Қожахметов төрелік етті.
Сайыс қорытындысы бойынша 30-параны жатқа айтудан жүлделі бірінші орынды Дамбы селолық мешітінің жамағаты Әсет Бейбарыс, екінші орынды "Махамбет-Исатай" мешітінің жамағаты Хамидолла Алмас, ал үшінші орынды Дамбы селолық мешітінің жамағаты Серікұлы Абдулла иеленді.
Екінші номианация бойынша бірінші орынды Индер аудандық «Әйіп қажы» мешітінің жамағаты Жұбан Әбілхайр, екінші орынды Мақат аудандық мұсылмандар мешітінің жамағаты Кереев Майрамбай,үшінші орынды Мақат аудандық мұсылмандар мешітінің жамағаты Дүйсенғалиев Сұлтан иеленді.
Жеңімпаздар диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
ҚМДБ-ның Атырау өңірі бойынша
баспасөз қызметі,
Махамбет аудандық
«Исатай-Махамбет» мешіті