Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Атырауда имамдар біліктілігін арттыруға арналған үш күндік семинар басталды

16-мамыр күні «Иманғали» мешіті жанындағы медреседе «Қоғамдағы дәстүрлі құндылықтарды нығайтудың оңтайлы әдіс-тәсілдері» атты мешіт қызметкерлері мен имамдарға арналған үш күндік курстың (семинар) ашылу салтанаты өтті.
Семинарды ҚМДБ Атырау өңірі бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан қажы Берденұлы ашып, семинар жұмысына сәттілік тіледі. Өкіл имам имамдар біліктілігін арттырудың қоғамдық мән-маңызы зор жұмыс екенін айта келе, «Имамдар – пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сүннетін жамағатқа насихаттап, көркем мінез-құлқымен (ахлақ) жамағатқа үлгі болып жүрген қадірлі мамандық иелері. Имам болу – жауапкершілікті қажет ететін жұмыс. Сондықтан имамдардың біліктілігін арттыру қашан да заман талабына сай өзекті мәселе», – деді.
Семинар барысында өкіл имам «Хадис тағылымы» тақырыбында дәріс оқып, Атырау облысы Дін істері басқармасы басшысы Қайролла Дүйсешұлы «Зайырлы мемлекеттегі діннің рөлі» тақырыбы бойынша баяндама жасады.



«Иманғали» орталық
мешітінің баспасөз қызметі

Жоғарыға