Атырау өкілдігі Рамазанға дайындық жұмыстарын бастады
17-мамыр күні ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Берденұлының бастамасымен облысқа қарасты имамдардың кезекті жиналысы болып өтті.
Жиынның күн тәртібінде қараған басты мәселесі – қасиетті Рамазан айына дайындық және осы орайда алдын-ала жүргізілетін дайындық жұмыстарын пысықтау.
Қала, ауыл имамдары бас қосқан жиын барысында өкіл имам Рамазан айында ҚМДБ бекіткен төрт бағыт – діни-ағарту, қайырымдылық, үгіт-насихат, экстремистік ағымдармен күрес шараларын ойдағыдай атқарып, жамағатпен тығыз байланыс жұмыс жасау мақсатында қала, ауыл имамдарына арнайы тапсырмалар жүктеді.
«Иманғали» орталық мешітінің
баспасөз қызметі