Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Семинар тыңдаушыларына сертификат табыс етілді

17-мамыр күні «Иманғали» мешіті жанындағы медреседе «Қоғамдағы дәстүрлі құндылықтарды нығайтудың оңтайлы әдіс-тәсілдері» атты мешіт қызметкерлері мен имамдарға арналған үш күндік курстың (семинар) жабылу салтанаты өтті.

15-мамыр күні ашылған семинардың басты мақсаты зайырлы мемлекет саясатындағы діннің орны, зайырлы қоғамның дін туралы заңдар жүйесі мен діни көзқарас-ұстанымдарын түсіндіру. Сондай-ақ, Ислам құндылықтарын насихаттау барысында жамағатпен жұмыс жасаудың тиімділігін арттыру ісін психологиялық тұрғыдан жандандыру. Атап айтқанда, тыңдаушының құлақ құрышын қандырып, діни-тарихи санасын оятуда шешендік өнер қабілетіне жүгіну, аудиторияны баурап алудың әдіс-тәсілдері мен қыр-сырларын терең меңгерту семинардың алға қойған басты міндеті болды.

Шараға ҚМДБ-ның Атырау өңірі бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан қажы Берденұлы, облыстық Дін істері басқармасы басшысы Қайролла Дүйсешұлы, ҚМДБ-ның баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы қатысып, үш күндік семинарға қатысқан 40-қа тарта имамға сертификат табыс етті.

 

«Иманғали» орталық

мешітінің баспасөз қызметі

Жоғарыға