Ораза құлшылығына арналған ашық дәріс өтті
17-мамыр күні ҚМДБ-ы Әйел-қыздар секторының Атырау облысы бойынша жетекшісі Айжарқын Түзелова мешіт жанындағы сауат ашу курсында білім алып жатқан әйелдер жамағатына ораза құлшылығына арналған ашық дәріс өткізді.
Дәрістің мақсаты – қасиетті Рамазан айында тұтылатын бес парыздың бірі – Ораза туралы шариғат үкімдерін қайта еске салып, білім жаңғырту. Осы орайда дәріс барысында дініміздегі Рамазан оразасының маңыздылығы, оразаға ниет ету, сәресі ішудің қажеттілігі, оразаны бұзатын амалдар және осы бұзылған оразаны өтеу (кәффарат) шарттары туралы толық мағлұмат берілді.
Дәріс соңы сұрақ-жауапқа ұласып, еркін пікір алмасылды.
Атырау облыстық
«Иманғали» орталық мешітінің
баспасөз қызметі