Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Құрметті ата-ана, мектеп оқушылары!

      ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілдігі, «Иманғали» орталық мешіті 7-17 жас аралығындағы мектеп оқушыларын мамыр айының 29-жұлдызынан бастап жазғы сауат ашу курсына шақырады.

Сауат ашу курсында жүргізілетін дәрістер:

Құран әліппесі;

- Иман негіздері;

- Ислам ғибадаты;

-Пайғамбар (с.ғ.с.) өмірі.

Сондай-ақ, балалар арасында түрлі білім және спорттық ойындар мен жарыстар ұйымдастырылады. Түске дейінгі және түстен кейінгі ауысым жұмыс жасайды.

Сабақ уақыттары: түске дейін        I топ  10:00 – 12:00

                          түстен кейін     II топ 15:00 – 17:00

 

Қажетті құжаттар: Ата-анасының өтініші,

                                   Туу туралы күәлік көшірмесі.

Құжаттар мамыр айының соңына дейін қабылданады. Толық ақпаратты «Иманғали» орталық мешітінен немесе 30-55-58, 8778 911 31 11         телефонына қоңырау шалу арқылы біле аласыз. Сауат ашу курсы ақысыз жүргізіледі.

Жоғарыға