Дін мен қоғам – біртұтас
Жаратушы иеміз Адамзат баласына тура жолды нұсқап, Пайғамбарлар мен кітаптарын жіберді.Алайда, әртүрлі қауымдар мен тайпалар Алланың және ел- шілердің жолынан безіп, түрлі азғындықтарға барып, жер бетінен жойылды. Аллаға мың сан шүкір, кешегі дінді мансұқтаған Кеңес кезінде де қазақ халқы тура жолдан таймай, асыл дінімізді кейінгі ұрпаққа аманаттап кетті. Тәуелсіздік алып, көк байрағымыз желбіреп, өзге елдермен тереземіз тең бола бастағанда, қоғамда түрлі адасқан діни ағымдар пайда болып, кейбір жастарымыз адасқан ағымдардың айтағына еріп, ел-жұртымыз едәуір елеңдеп отыр. Яғни, қоғамда болып жатқан құбылыстар, әсіресе діни жағдайлар ешкімді де бей-жай қал- дырмасы анық.
ҚМДБ мен оған қарасты мешіттер, құзырлы да орындар тиісті шараларын алуда. Атырау қаласы бойынша «Терроризм мен экстремизмнің алдын алу шарасы» тақырыбында мамыр айының 23 -ші жұлдызында, Атырау қаласына қарасты Алғабас ауылдық «Мәулімберген» мешітінде жамағатпен кездесу болып өтті.
Аталған шараны «Мәулімберген» мешітінің бас имамы Мақсот Бағытжанов ашып, шара қонақтарына сөз берді. Кездесуге «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» ҚҚ-ы басшысының орынбасары Ербол Жаулин,белгілі дінтанушы, теолог-Батырбек Убаев, Атырау қалалық прокурорының аға көмекшісі Айбек Рахметов, «Кең-өзек» ауылдық округі әкімінің орынбасары Үмітжан Есенғалиевалар қатын- асып, ауыл ақсақалдары мен мешіт жамағаттары тарапынан болған көкейкесті сұрақтарға толыққанды жауап беріп, алдағы уақыттарда да осындай игі шаралар- дың жиі-жиі болғанын құп көріп, ақсақалдар ақ батасын беріп тарқасты.
ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі,
Алғабас ауылдық «Мәулімберген» мешіті