Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Қазақ күресінен өткен IV республикалық чемпионат жүлдегері марапатталды

Алматы қаласы «Халық арена» спорт кешенінде «Астана EXPO-2017» халықаралық көрмесі қарсаңында ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы жүлдесі үшін Қазақ күресінен IV республикалық чемпионат қорытындыланған болатын.

Еліміз бойынша әр өңірден  59-дай балуан қатысқан дүбірлі додаға облыстық іріктеу турнирінің жеңімпаздарының бірі қызылқоғалық – Мәлік Төлеушовтің жолдама алғаны белгілі.

Күрестен тұңғыш олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров, «Alem Fighters» кәсіпқой спорт клубының президенті Ардақ Назаров т.б. спорт шеберлері қатысқан байрақты бәсекеде Мәлік Төлеушовтің бағы жанып, халықаралық дәрежедегі төрешілер шешімімен жүлделі 2-орын биігінен көрінді.

Осыған орай, бүгін қасиетті жұма күні ҚМДБ-ның Атырау өңірі бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Берденұлы жүлдегер балуанды жеңісімен құттықтап, бәйгеге тігілген кіші қажылық жолдамасын табыс етті.

 

«Иманғали» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

Жоғарыға