Отыз күн Оразаға дайындық жұмыстары жалғасын табуда
Алла Тағала күллі мұсылман баласына қасиетті Рамазан айында отыз күн Оразаны нәсіп етіп, таңнан қара кешке дейін ас-судан, бейпіл сөзден, басқа да жаман әдеттерден тиылуға бұйыруда. Пайғамбар (с.ғ.с.): «Рамазан – он екі ай- дың сұлтаны»,-деп ерекше атап өткен.
Міне,сол қасиетті Рамазан айының келуіне байланысты еліміздегі барлық мешіттер қызу дайындық қамына кіріскен. Атырау қаласы, Алғабас ауылы «Мәулімберген» мешітінің бас имамы Мақсот Бағытжановтың бастамасымен қасиетті айға дайындық жұмыстары жасалуда.
Атап айтқанда, мешіт сыртына «Рамазан айы мүбәрак болсын» деген баннер- лер ілініп, мешіт іші толық ақталып, сырланды.Әйелдер бөлмесі терезесіне әше- кейлі перде ілінді.Алла Тағала игілікті істерді құзырында қабыл етіп, Рамазан ай- ын мүбәрак қылғай! Әумин!
ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі
Алғабас ауылдық «Мәулімберген» мешіті