Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Рамазанда бір құлшылық бар тарауих деген...

Құдіретті күшті Ұлы Жаратушының бұйрығымен бүкіл жер-жаһандағы мүмин- мұсылмандар парыз болған қасиетті Рамазан айының оразасын тұтуда.Себебі, Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (с.ғ.с.): «Кімде-кім Рамазан айында шын- айы сеніммен, сауапты бір Алладан ғана күтіп, ораза ұстаса, бұрын-соңды жасалған күнәлары түгелдей кешіріледі», - дейді. Әрине, барша мұсылман баласы ақиретте амал-сауаптарының мол болып, Ұлы Раббымыздың рахым-берекетінен үміт етеді.

Рамазан – құлшылық ғибадат айы. Барша жамағат ауыз аша салысымен Рамазан айында оқылатын 20 ракағат Тарауих намазына қатысу үшін мешіттерге ағылады. «Тарауих» «тынығу» мағынасын білдіретін сөз. Яғни, тарауих – Алла үйіне келген әр мұсылманның  демалып, рухани ләззат алып қайтуына мүмкіндік беретін құлшылық.

Міне, пайғамбар (с.ғ.с.) сүннетіне сай Алғабас ауылдық «Мәулімберген» мешітінің бас имамы Мақсот Бағытжанов, наиб имам Ізбасар Қабдырахманов пен Нариман Жұмашевтар күнделікті Құптан намазы мен Тарауық намаздары аралығында тұщымды уағыз-насихат айтуда. Мешіт ақсақалдары мен жамағат қауымы өз ризашылықтарын білдіріп, 20 ракағат Тарауихтарын толық өтеп тарқасуда.

 

ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша

өкілдігінің баспасөз қызметі,

Алғабас ауылдық «Мәулімберген» мешіті

Жоғарыға