Үміт еткен көзімнің нұры – балам...
Қасиетті Рамазан айының басталуымен ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Берденұлының бастамасымен мектеп жасындағы ұл және қыз балаларға арналған жазғы сауат ашу курсы өз жұмысын бастағаны белгілі.
Міне, аз ғана уақыт ішінде 7-17 жас аралығындағы қыз балалардың арабша сауатын ашып, Құран үйретуді қолға алған ҚМДБ-ы Атырау өңірі бойынша Әйел-қыздар секторы 1-маусым халықаралық балалар күнін атаусыз қалдырмады. Яғни, 2-маусым, қасиетті жұма күні «Балалар – жүрек жемісі, көздің нұры» атты білім сайысын ұйымдастырып, Ислам негіздері және пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) балалық шағы туралы білімдерін сынға салды. Сондай-ақ, курстың ашылу салтанатында үй тапсырмасы ретінде жаттауға берілген «Піл» сүресі жатқа сұралды.
50-ге тарта шәкірт қатысқан шараға мешіт ұстаздары Айжарқын Түзелова, Бибінұр Қармысқызы, сонымен қатар, Алла үйінде іс-тәжірибеден өтіп жатқан «Нұр-Мүбәрак» университетінің 3-курс студенті Шаттық Серікқызы жетекшілік етіп, болашақ бойжеткен ару қыздарымызға сыйлықтар тарту етті.
«Иманғали» орталық
мешітінің баспасөз қызметі
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)