Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Балалар мерекесі курс шәкірттеріне ерекше көңіл-күй сыйлады

Балалар мерекесі курс шәкірттеріне ерекше көңіл-күй сыйлады

Қасиетті Рамазан айының басталуымен ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Берденұлының бастамасымен мектеп жасындағы ұл және қыз балаларға арналған жазғы сауат ашу курсы өз жұмысын бастағаны белгілі. Аллаға шүкір, аз ғана уақытта ұл балалар курсына 60-қа тарта ұл бала тіркеліп, қазіргі таңда күніне екі мезгіл кезекпен білім алуда.

Осы орайда 7-17 жас аралығындағы ұл балалар курсының жетекшісі, мешіт ұстазы, наиб имам Артық Жұмабекұлы  1-маусым халықаралық балалар күнін атаусыз қалдырмай, балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлады. Арабша әріп танып, Құран үйренсем деп мешіт табалдырығын аттаған балаларды сабақтан кейінгі уақыттарда мешіт ауласындағы батутқа ойнатып, түрлі тәттілер мен сыйлықтар тарту етті.

 

«Иманғали» орталық

мешітінің баспасөз қызметі

Жоғарыға