Рамазан – қайырымдылық айы
Рамазан – жасаған жақсылықтар сансыз еселеніп, Алланың нұры жауатын ай. Расында, жыл өткен сайын ораза ұстаушылар қатарының көбейіп, қайырымдылық жасауға ниетті жандар санының артуы көңілге қуаныш ұялатады. Айта кету керек, биылғы Рамазан айында «Иманғали» мешітіне хабарласып, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға көмек қолын созамын деушілер жиі хабарласуда.
Осы орайда бір топ қала тұрғындары 1-маусым балалар күніне орай жағдайы төмен отбасылардың балаларына сыйлықтар тарту етіп, балалардың көңілін бір серпілтіп тастады.
«Иманғали» орталық
мешітінің баспасөз қызметі
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)