Есбол ауылының жастары ауызашар дастарханын ұйымдастырды
4-маусым күні Индер ауданы Есбол ауылының жастары ауыл мешіті жанынан киіз үй тігіп, ауыл тұрғындарына ауызашар дастарханын жайды.
Ауызашар дастарханында сөз алған қалалық «Құспан молда» мешітінің наиб имамы Ержан Бегіс жиылған жамағатқа оразаның артықшылығы, Рамазан айының қадір-қасиеті туралы уағыз-насихат айта келе, ауызашар дастарханын ұйымдастырған жастарға ризашылығын білдірді.
ҚМДБ-ның Атырау өңірі бойынша
баспасөз қызметі, Есбол ауылдық мешіті