Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Әбу Ханифа мәзһабы бойынша намаз оқу үлгісі көрсетілді

           Қасиетті Рамазан айында «Жылыой мұсылмандар» мешітінде құптан намазының алдында жиылған жамағатқа әбу Ханифа мәзһабы бойынша намаз оқу үлгісі үйретіліп жатыр.

Алла тағала Құранда: «Намазды толық орындаңдар, зекет беріңдер, сондай-ақ иілушілермен бірге иіліңдер», - деп бұйырған. Сүйікті Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) намаз жайында былай дейді: «Кімде-кімнің есігінің алдында бір өзен болып, сол адам өзенде күніне бес рет жуынса кірден із қалар ма екен?», Тыңдап отырғандар: «Ешқандай кір қалмайды», –деп жауап береді. Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Міне, бес уақыт намаз да осыған ұқсайды. Алла Талаға намаз арқылы күнәларды тазартады», –деген.

Рамазан айында намазды жаңа бастаушылар көптеп келетіні мәлім. Осы сәтті ұтымды пайдаланып жүрген мешіттің наиб имамы Б.Сағындықов тарауих намазына жиналған жамағатқа намаз оқу үлгісін көрсетуде. Бұл үрдіс қасиетті айдың соңына дейін жалғасатын болады. Намаз үлгілеріжастарды жат ағымға емес, дәстүрлі дінді ұстануға шақырады.

 

ҚМДБ-ның Атырау өңірі бойынша

баспасөз қызметі,

Жылыой орталық мешіті

Жоғарыға