Оразадағы қайырымдылықтың сансыз сауабы бар...
Құдіреті күшті Алла Тағала қасиетті Құран-Кәрім аяттарында күллі мұсылман баласына Рамазан айының парыз болған оразасын ұстауды бұйырса, ардақты Пайғамбар Мұхаммед Мұстафа (с.ғ.с.) өз хадистерінде оразаның ұшан-теңіз сауаптарға жетелейтін амал екенін ұғындырған.
Алла Тағалаға мың сан шүкір,ораза тұтушы жамағат саны жыл өткен сайын артып, тарауық намаздарына қатысуда. Алланың оразаның сауабын өзім беремін деген таудай сауабына ие болуда. Әрине, отыз күн оразаның өз қиыншылықтары бар. Әсіресе, қырық күн шілдеге тап келген қазіргі кезде ораза тұтушыларды шөлдің қинайтыны шындық. Міне, тарауих намазында жамағатты сумен қамтамасыз етіп, сауабын алу мақсатында қайырымқол азаматтар «Мәулімберген» мешітіне 19 литрлік құтыдағы таза судың бірнеше данасын табыстады.
Жаратқан иеміз баршамыздың тұтқан оразаларымыз бен берген садақаларымызды қабыл етіп, еселеп сауап жазғай! Әумин!
ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі,
«Мәулімберген» мешіті