Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Мешіт имамы ауыл әкімін құттықтады

 

Барша мұсылман баласы бұл күндері ауыз бекітіп, Рамазан айының парыз болған оразасын тұтуда.Таңнан қара кешке дейін ас-судан, дөрекі сөздер мен жаман әдеттерден тиылып, Алла Тағаланың мол  сауабынан үміт етуде.  

Күллі мұсылман жамағаты отыз күн Ораза  күндері игілікті амал жасап, сауабын Раббымыздан күтеді. Осындай  ізгілікті мақсатпен  «Мәулімберген» мешітінің бас имамы Мақсот Бағытжанов пен көмекші молда Серік Бәйменов, «Кең-Өзек» ауылдық округінің әкімі Сәден Лұқпанов пен әкім орынбасары Үмітжан Есенғалиева, жалпы әкімшілік қызметкерлерін қасиетті де қастерлі Рамазан айымен құттықтап, ҚМДБ-ның тарапынан жарық көретін басылымдарды тарту етті.

Жаратқан иеміз Рамазан айының шарапатын баршамыздың шаңырақтарымызға дарытқай! Әумин!

 

ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша

өкілдігінің баспасөз қызметі,

«Мәулімберген» мешіті

Жоғарыға