Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Алғабас ауылдық мешіті ауызашар берді

Дана халқымыз «Туған ай, тураған етпен бірдей», – деп тегіннен-тегін айтпаса керек. Күні кеше ғана басталаған қасиетті Рамазан айын да орталап қалыппыз. Алла Тағала барша мұсылманға күш-қуат беріп, ұлық айдың парыз оразасын сансыз сауаппен өтеп шығуды нәсіп еткей!

Қасиетті Рамазан айында барша мұсылмандар ақшам намазы кірісімен, ауыздарын ашып, бір-біріне игі тілектерін арнап жатады. Сондай игі амал Атырау қаласы, Алғабас ауылы, «Мәулімберген» мешітінде болып өтті. Мешітіміздің бас имамы  Мақсот Бағытжанов  бастаған мешіт ұжымы мамыр айының 8-інде ауыз бекіткендерге дастархан жайды. Айта кету керек, Асылбек есімді бауырымыз ауызашарға қаржылай көмектесіп, азаматтық танытты. Алла Тағала ниеттерімізді қабыл, мұраттарымызды асыл еткей, ағайын! Әумин!

 

ҚМДБ-ның Атырау облысы

бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі,

«Мәулімберген» мешіті

Жоғарыға