«Шапағат» қоғамдық қоры ауызашар дастарханын жайды
Күллі әлемдердің Раббысы Жаратушы Жаппар иеміздің исі мұсылманға нәсіп еткен қасиетті Рамазан айының парыз болған оразасы өлшеусіз сауабымен ерекшеленеді. Және, адамзаттың ардақтысы, ақырғы елші Мұхаммед Мұстафа (с.ғ.с.): өлмес, өшпес хадистерінде «Рамазан айының алғашқы онкүндігі – кешірім, ортасы – рахымдылық, соңғы онкүндігі – тозақтан құтылу», –деп, оразаның қадір-қасиетін баян еткен.
Міне, биылғы оразаның ортаңғы онкүндігі, мамыр айының 13-і күні «Шапағат» деструктивті діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» ҚҚ-ы Алғабас ауылдық «Мәулімберген» мешітінде ауызашар дастарханын жайды. Берекелі дастарханға облыстық Дін істері басқармасы басшысының орынбасары Мұхтар Шарапиденұлы, «Шапағат» деструктивті діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» ҚҚ-ы басшысы орынбасары Ербол Жаулин, Батырбек Убаев, Мейіржан Рахматулла, Аманкелді Оразов сынды белгілі теолог мамандар, ауыл ақсақалдары мен мешіт жамағаттары қатысты.
Мақсот Бағытжанов бастаған мешіт ұжымы мәртебелі меймандарды жылы қабылдап, қонақжайлық танытты. Дастархан басында уағыз-насихаттар мен ақжарма тілектер айтылды.
Дастархан басында Бақытбек есімді қайырымқол бауырымыз 100 000 теңге көлемінде қайырымдылық көмегін ұсынып, бас имам М.Бағытжанов аталмыш қаржыны Жеңіс және Тұрар есімді мешітіміздің мұқтаж жамағаттарына теңдей бөліп берді. Ауыл ақсақалдары Өтеш және Жұбаныш аталарға сыйлыққа жайнамаз берілді.
Дастархан соңында Жаңабай атамыз батасын беріп, жамағаттар жақсы көңіл-күймен тарқасты.
ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі,
Алғабас ауылдық «Мәулімберген» мешіті
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)