Жат ағымдардан сақтанайық
Маусымның 9-күні Жылыой ауданы, Қосшағыл елді-мекені Мұнайшылар клубында «Діни экстремизмнің алдын алу, балаларды діни секталардан сақтандыру» тақырыбында кездесу өтті. Кездесуге Қосшағыл ауылының әкімі А.Ідіросов , мешіт имамы Т.Айдарбекұлы, ата-аналар және мектеп оқушылары мен мектеп ұстаздары қатысты. Мешіт имамы Т.Айдарбекұлы діни экстемизмнің алдын алу, балаларды діни ағымдардан сақтандыру жолында аудан көлеміндегі іс-шараларды, дін ұстанатын отбасы балаларының мәселелері туралы сөз сөйледі.
Және дәстүрлі дініміздің жастарды тек жақсылыққа жетелейтінін айтып, балаға барынша көңіл бөлудің, хақ тағала жолымен жүруді үйретудің қасиетті Құран кәрімде де келтірілгенін, пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) «ата-ананың балаға бере алатынының ең құндысы – жақсы тәрбие» дегенін жеткізді. Сонымен қатар, діннің атын жамылған кереғар ағымдардан сақтануға шақырды.
Кездесу соңында ата-аналар, оқушылар мен ұстаздар, өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын келген имамға қойып тұшымды түрде жауаптарын алды.
ҚМДБ-ның Атырау өңірі бойынша
баспасөз қызметі,
Жылыой аудандық орталық мешіті