Жастарды талпындырған талапты ойлар
Атырау қалалық «Қ.Мұңайтпасов» мешітінде «Жас Өрен» жастар қоғамдық бірлестігі қоры ауызашар берді. Мешіттің бас имамы Н.Сүндетовтың бастауымен мерекелік дастархан ашылып, жастарға уағыз-насихат айтылды.
«Шапағат» деструктивті ағымдардан жапа шеккендерге көмек» қоры ҚҚ-ның теологы, белгілі дінтанушы Серікжан Еншібайұлы жамағатты ауызбірлікке шақырып, қазіргі қоғамдағы дерт – мұсылмандардың өзара араздығы тақырыбын кеңінен қозғады.
Құптан намазының алдында «Жас Өрен» жастар қоғамдық бірлестігінің мұрындық болуымен діни-шариғи викториналық сұрақтар ұйымдастырылып, жамағаттар белсене атсалысты.
Қасиетті Рамазан айындағы хайырлы істері сауапқа жазғай.
ҚМДБ-ның Атырау өңірі бойынша
баспасөз қызметі,
«Қ.Мұңайтпасов» мешіті