Тұрғызба ауылдық мешітінде ауыз ашар берілді
Қасиетті Рамазан айында ораза тұтқан жанды сумен немесе бір құрмамен болса да ауыз аштырып, көмек жасаған пенде зор сауапқа кенеледі деген. Рамазанда жазылатын сауап пен берілетін жақсылықтың соншалықты көп екенін және бұл айдың мың айдан да қайырлы екенін жете түсінген жұрт бір-біріне ауызашар берісіп, қонаққа шақырысып, мәре-сәре болысып жатады, сондай ауыз ашардың бірі Жылыой ауданы «Тұрғызба ауыл» мешітінде де болды. Тұрғызба ауылдық мешіттің имамы Асыланбек Есқайыровтың ұйымдастырумен ауызашар берілді.
Бұл ауыз ашарға мешіт жамағаты, жаңадан намаз бастап келе жатқан жастар да келді, келген ауыл тұрғындары имамға өздерінің ризашылықтарын білдіріп жатты. Мешіттің имамы уағыз-насихат айтып рамазанның ерекшелігін қадыр-қасиетін жеткізіп, ораза ұстаған жанның шын ықылас пен қылған дұғалары қабыл болады деп сөзін түйіндеді.
ҚМДБ-ның Атырау өңірі
бойынша баспасөз қызметі,
Жылыой аудандық мешіті