Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Қасиетті Рамазан айындағы ауыз ашар

 

             Жылыой аудандық орталық мешітінде ашылған замануи асханада кәсіпкерлер біріге отырып 300 адамға ауыз ашар берді. Сондай-ақ бұл ауыз ашарға Жылыой ауданының белді азматтары және ақсақалдары мен ақжаулықты аналар және мешіт жамағаттары қатысты.

Жылыой аудандық орталық мешітінің Бас имамы А. Исаев жамағатқа Ауызашар берудің артықшылығы, ораза ұстаудың пайдаларын және де Пайғамбарымыз (с.ғ.с) хадисінде «Кім Рамазан айының оразасын шын иман және ықыласпен ұстаса, оның бұрын істелген күнәлары кешіріледі», - деген.

Және бір хадисінде «Жәннатта Раййан деп аталатын қақпа бар. Ол қақпадан ораза тұтқандардан басқа ешкім кірмейді. Қиямет күні: «Ораза ұстағандар қайда?», – деп жар салынады. Ораза ұстағандар тұрып, сол қақпадан кіреді. Олар кіріп болған соң, қақпа жабылып, одан басқа ешкім кірмейді», - деген. 

Ауызашарға келген ақсақалдарға, ауданның белді азаматтарына және ақжаулықты әжелерге мешіттің бас имамы А.Исаев қызметкерлерге шексіз ризашылықтарын білдіріп, елге деген жылы лебіздерін айтты.

 

ҚМДБ-ның Атырау өңірі

бойынша баспасөз қызметі,

 Жылыой аудандық мешіті

Жоғарыға