Мешіт жамағаттары арасында «Білім-ринг» сайысы өтті
22-маусым күні «Иманғали» орталық мешіті мен Атырау қалалық жас «Жас өрен» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен мешіт жамағаттары арасында «Білім-ринг» интеллектуалдық ойыны өтті.
Жас жамағаттың білімін сынға салған сайысқа ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Берденұлы қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Сайысқа қатысушыларғасәттілілік тіледі.
Сайыс қорытындысы бойынша «Иманғали» мешіті атынан қатысқан «Рамазан» тобы жүлделі 1-орынға, «Раййан» тобы 2-орынға ие болды.
Сондай-ақ, «Мәулімберген» мешіті атынан қатысқан «Шаһада» тобы 3-орынға табан табан тіреді. Ал, «Жұлдыз» мешіті атынан қатысқан «Шағбан» тобы ынталандыру сыйлығымен марапатталды.
«Иманғали» орталық
мешітінің баспасөз қызметі