Жарсуат ауылдық мешітінде Қадір түні аталып өтілді
Биылғы қасиетті Қадір түнін маусымның 21 нен 22-не қараған түні Жарсуат ауылдық мешітінде кең көлемде аталып өтілді. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) хадис шәрифінде: «Айлардың сұлтаны – Рамазан, күндердің сұлтаны – жұма, түндердің сұлтаны – Қадір түні» – дегендей, 84 жылдың сауабынан үмітті Қадір түнін Жарсуат ауыл жамағаттарымен, «Құрылыс», «Бөдене» ауылдарынан келген намазхан жамағаттармен және ауыл тұрғындарымен жоғары ықыласпен қарсы алынды.
Бұл күні әдеттегідей Жарсуат ауылдық мешітінің имамы Құраш Зинелұлы жамағатқа ислами тәлімдік уағыз насихаттармен бастап, Рамазан айының берекесі мен Қадір түнінің ерекшеліктерін айтып жеткізді, одан кейін Құптан, Тарауых намаздары оқылып, тарауых намазының соңында Хатым дұғасы түсірілді. Мешітке 150-дей жамағат қатысып, ауыз бекітушілерге мешіт жамағаттары сәресі де ұйымдастырылды.
Қасиетті Құранның Қадір сүресінде Алла Тағала: «Біз шынында құранды Қдаір түні түсірдік, Қадір түнінің не екенін білесің бе? Қадір түні (қасиет және сауап жағынан) мың айдан да хайырлы...» делінген. Олай болса осы түні жасалған барлық ғибаттарымызға мың айдың сауабын беріп, қабыл етсін дейік.
ҚМДБ-ның Атырау облысы
бойынша баспасөз қызметі,
Жарсуат ауылдық мешіті