Жарсуат мешітінде «Шапағатты Рамазан» рухани кеші өтті

Атырау обылысы Индер ауданы Жарсуат ауылдық округінің Мәдениет үйі мен Жарсуат ауылдық мешіті ұйымдастыруымен аудан орталығындағы мәдениет үйінде «Шапағатты Рамазан» атты рухани кеш болып өтті. Шараның негізгі мақсаты жастарға ислами тәлім тәрбие беріп, айлардың сұлтаны Рамазан айының қадір қасиетін насихаттау. Рухани кеш шымылдығын Жарсуат ауылдық мешітінің имамы Құраш Зинелұлы құран оқып бата жасаумен бастады. Әрі қарай, Рамазан айы мен Қадір түнініне байланысты видео ролик, рухани әндер мен көріністер көрсетіліп, аудан халқының көңілінен шықты.
Аудан әкімі Серік Бисешұлы атынан шараны ұйымдастырушы Жарсуат ауылдық мешіт жамағаты мен имамы Құраш Зинел ұлына алғыс хат тапсырылды. Алғыс хатты аудан әкімінің аппаратынан Дарын Шамұратов табылтап, рухани іс-шарада өнер көрсеткен жастардың қоғамымыздағы келіңсіз лас қылықтардың қолмен ұстап, көзбен көргендей ашқандығын айтып, құран өсиеттерінің тамаша өнеге екендігіне көзіміз жетті деп, игі тілектерін білдірді.
Кеш соңында аудандық Әйіп қажы мешітінің бас имамы Ералы Жұбанұлы қасиетті Рамазан айы мен қадір түнінің сауаптарын уағыздай келіп, ұйымдастырушыларға ризалық алғысын білдірді. Және ел ағалары мен аурухана қызметкерлері демеуімен жайылған ауыз ашар дастарханына кеш қонақтарын, ауыз бекіткен жамағатты шақырды. Осылайша рухани тәлімдік насихат кеші өнегелі де әсерлі уағызар айтылған ауыз ашар дастарханында жалғасты.
ҚМДБ-ның Атырау облысы
бойынша баспасөз қызметі,
Жарсуат ауылдық мешіті