Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

«Иманғали» мешітінде Құран хатым батасы жасалды

«Иманғали» мешітінде Құран хатым батасы жасалды

27-мамыр күллі мұсылман жұртшылығы асыға күткен Рамазан айының кіруіне байланысты 27-мамырдан бастап «Иманғали» орталық мешітінде Құран хатым түсіру басталған болатын. Бүгін, міне оразаның соңғы күні 24-маусым күні Құран хатым толық аяқталып, батасы берілді.

Құран хатым батасына ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Берденұлы қатысып, Құран оқу сынды сансыз сауапқа ие іске мұрындық болған қариларға алғыс сезімін білдірді. Еліміздің амандығын, халқымыздың тыныштық, татулығын тілеген бас имам осындай бейбіт күннің нығметін нәсіп еткен Алла Тағалаға шүкір айтып, барша амалдардың сауаптан болуына тілектестігін жеткізді.

Айта кету керек, қасиетті Рамазан айында Атырау жамағатына Құран оқып, хайырлы амалдың іске асуына ұйытқы болған қарилар түркиялық Мұстафа Зенжиржи және Хусейн Кая сынды 30 парадан тұратын Құранды бастан-аяқ жаттаған дін саласының білгір мамандары еді.  

«Иманғали» орталық

мешітінің баспасөз қызметі

 

Жоғарыға