Ораза айт мерекесіне орай студенттерге қаржылай көмек көрсетілді

Ораза айт – күллі мұсылман қауымының ұлық мерекесі. Бір ай Рамазан оразасын ұстап, Алла Тағала рақымын іздеген жамағат Ораза айт мерекесін ерекше көңіл-күймен қарсылайды. Айт намазына қатысып, бірін-бірі қуаныса құттықтайды. Айттан-айтқа аман-есен жетуін тілеседі. Өйткені, бұл кешірім мерекесі болып табылады. Бұл күндері қайырымдылық жасау да – сансыз сауапқа ие игі амал.
Міне, осындай ұлық мерекеге орай, ҚМДБ-ы Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан қажы Берденұлы бір топ жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған Атырау мұнай және газ технологиялық колледжінің студенттеріне қаржылай көмек көрсетті.
Алла үйінен қаржылай қолдау көрген студенттер өкіл имамға ризашылық сезімдерін білдіріп, алғыс айтты.
«Иманғали» орталық
мешітінің баспасөз қызметі