Айт мерекесіне орай қайырымдылық жасалды

24-маусым күні Айт мерекесіне орай «Иманғали» орталық мешітінде ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің Бас имамы Батыржан Берденұлының бастамасымен қайырымдылық шарасы өтті. Жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын қайырымдылық көмекке өтініш білдіргендердің қатары биыл да көп болды.
Әлеуметтік жағдайы өте төмен, аз қамтылған, сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі мүгедек жандар мен асыраушысы жоқ көп балалы аналарға, жетімдерге көмек қолын созуды мақсат еткен қайырымдылық шарасын өкіл имам ашып, көмекке мұқтаж қамкөңіл жандарды келіп жеткен қасиетті Айт мерекесімен құттықтады. «Айт мерекесі – мұсылман баласының бір-біріне игі тілек тілеп, өкпе-ренішін ұмыттыратын, достығын арттыратын мереке. Олай болса, сіз бен біздің сыйластығымызды арттыратын сыйлықтарымызды шын пейіліміздей қабылдаңыздар», – деп Айт мерекесінде сыйлық жасаудың дін-Ислам шариғатындағы мәнісін түсіндіріп өтті.
Қайырымдылық шарасы аясында 30 отбасыға қайырымдылық көмек пакеттері таратылды.
«Иманғали» орталық мешітінің
баспасөз қызметі
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)