«Иманғали» орталық мешітінде қариларға құрмет көрсетілді

Тарауих намазының соңғы күні ҚМДБ-ы Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің Бас имамы Батыржан Берденұлы отыз күн ораза бойы Құранды басынан аяғына дейін жатқа оқып, мешіт жамағатын тарауих намазына ұйытқан қариларға алғыс білдірді.
26-мамыр күні басталған тарауих намазын Мұстафа Зенжиржи және Хусейн Кая сынды Құранды бастан-аяқ жаттаған түркиялық дін саласының білгір мамандары толық аяқтап, үлкен сауапты іс жасады.
Тарауих намазының соңғы күні жиылған жамағаттың алдында ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Берденұлы қариларға шын жүректен алғыс білдірді. «Сіздер қасиетті Құран айында Құран оқып, сауапты іс жасадыңыздар. Алла Тағала амалдарыңызды сауаптан жазып, дұға-тілектеріңізді қабыл еткей. Сіздерге атыраулық жамағат атынан алғысымды білдіремін», – деді бас имам. Сөз соңында қариларға қазақ дәстүріне сай шапан жауып, ескерткіш сыйлықтар табыс етті.
«Иманғали» орталық
мешітінің баспасөз қызметі
.jpg)
.jpg)