Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Жазғы сауат ашу курсы шәкірттеріне арналған білім сайысы өтті

Жазғы сауат ашу курсы шәкірттеріне арналған білім сайысы өтті

«Иманғали» орталық мешітінде  жазғы сауат ашу курсының аяқталуына орай білім сайысыболып өтті. Шара аясында бір айға жуық уақыт сауат ашу курсында білім алған 7-17 жас аралығындағы 25 ер балалар «Исламдағы 100 сұрақ» кітабы бойынша білім бәсекесінде өзара бақ сынасты.

Шара шымылдығын ҚМДБ Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Берденұлы ашып, балдырғандарды дін-Ислам жолына аяқ басқан алғашқы қадамдарымен құттықтады.

Сайыстың қорытындысы бойынша Мұхамеджанов Дәурен жүлделі 1-орынға ие болса, Ғайсаұлы Рахман 2-орынды еншіледі. Сондай-ақ, Саматұлы Аян 3-орын алса, Нысанбаев Нұрмұхаммед ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.

Айта кетейік, биылғы жылы «Иманғали» орталық мешітінің жазғы сауат ашу курсына 70-ке тарта ер бала қабылданған болатын. Балдырғандар бір айға жуық уақыт ішінде «Құран әліппесін» тәмамдап, араб алфавитін толық меңгеріп шықты. Құранның қысқа аяттары мен дұғаларды жаттап, дініміздегі сенім (ақида), көркем мінез (ахлақ), ғибадат (фиқһ), пайғамбар (с.ғ.с.) тарихы бойынша мешіт ұстаздарынан тәлім алды.

«Иманғали» орталық

 

мешітінің баспасөз қызметі

Жоғарыға