Жылыой аудандық орталық мешітінде айт намазы оқылды
Күллі мұсылман қауымы сағына күткен қасиетті Рамазан айы да аяқталды. Таң қылаң берісімен құлшылық ордаларына қарай ағылған халықтың қарасы жылдан-жылға артып келе жатқаны байқалады.
Жылой орталық мешітінде өткен айт намазына аудан әкімі М.Шафиқұлы қатысып, жамағатты Ораза айт мерекесімен құттықтады.
«Жылыой мұсылмандар» орталық мешітіне келген жамағат іші тұрмақ, сыртқы ауласынан әрең орын тауып, сап түзеді. Мешіт ұстазы Б.Сағындықовтың дәстүр бойынша, айт намазын қасиетті Құран Кәрімді оқумен бастады, мешіттің ұстазы Д. Сулейменов жамағатқа қасиетті Рамазан айы мен Ораза айт мерекесі жайлы уағыз айтты. Мешіттің бас имамы Арман Исаев жамағатқа Айт намазының оқылу ретін түсіндіріп, жамағат имамға ұйыды.. Намаз соңында 98 жастағы ақсақал Абдулла қажы бата берді.
Айт намазын оқып болғаннан соң келген жамағатқа жайылған айт дастарханда бас қосты. Сондай-ақ спорт сүйер қауымға қазақша күрес, қол күрестер ұйымдастырылып жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды. Бүлдіршіндерге батуттар құрылып, тәттілер таратылды.
ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша
баспасөз қызметі,
Жылыой орталық мешіті