Жастарды талпындырған талапты ойлар
Атырау қалалық «Қ.Мұңайтпасов» мешітінде «Жас Өрен» жастар қоғамдық бірлестігі қоры ауызашар берді.
Мешітіміздің бас имамы Н.Сүндетовтың бастауымен мерекелік дастархан ашылып, жастарға уағыз-насихат айтылды. Дастархан басында «Шапағат» деструктивті діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек» қоры ҚҚ-ы теологы, белгілі дінтанушы Серікжан Еншібайұлы жамағатты ауызбіршілікке шақырып, қазіргі қоғамдағы дерт мұсылмандардың өздерінің бір-бірін айдап салу тақырыбын кеңінен қозғады.
Құптан намазының алдында «Жас Өрен» жастар қоғамдық бірлестігінің мұрындық болуымен діни-шариғи викториналық сұрақтар ұйымдастырылып, жамағаттар белсене атсалысты.Қасиетті Рамазан айындағы хайырлы істері сауапқа жазғай.
ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша
баспасөз қызметі, қалалық
«Қ.Мұңайтпасов» мешіті