Мешіттің иманды жастары табиғат аясында демалды
Қасиетті Ораза Айт мейрамына орай «Иманғали» орталық мешітінің жастар ұжымы ҚМДБ-ы Атырау өңіріндегі өкілі, бас имам Батыржан Берденұлының бастамасымен табиғат аясына демалысқа шықты.
"Баклан" демалыс орнында өткен демалыс барысында викториналық сұрақтар қойылған білім сайысы өтіп, мешіт ұстазы Бегалиев Еламан уағыз айтты. Сондай-ақ жасыл желек жамылған табиғат аясындағы демалыс спорттық ойындарға ұласты.
«Иманғали» орталық
мешітінің баспасөз қызметі