Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Мешіт жамағаттары арасында футболдан жолдастық кездесуі өтті

27-маусым күні Геолог мөлтекауданындағы футбол алаңында мешіт жамағаттары арасында футболдан жолдастық кездесу өтті. Сайысқа ҚМДБ-ы Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Берденұлы қатысып, «Иманғали мешіті» командасында өнер көрсетті.

Сайыс қорытындысы бойынша «Құспан молда мешіті» командасы  жүлделі 1-орынға ие болды. «Иманғали мешіті» жүлделі 2-орынды иеленсе, «З.Құрасұлы мешіті» 3-орын биігінен көрінді.

Жеңімпаз командаларға сайыс кубогы мен қасиетті Құран сынды бағалы кітаптар табыс етіліп, «Алғыс хаттармен» марапатталды.

 

              "Иманғали" орталық мешітінің

                    баспасөз қызметі

 

 

Жоғарыға