Қалалық «Әт-тақуа» мешітінде қайырымдылық жасалды
7-маусым күні қасиетті Ораза Айт мерекесіне орай қалалық «Әт-тақуа» мешітінде қайырымдылық жасалды.
Әлеуметтік жағдайы аз қамтылған, мүмкіндігі шектеулі мүгедек жандар мен асыраушысы жоқ көп балалы аналарға, жетімдерге көмек қолын созуды мақсат еткен қайырымдылық шарасын мешіттің бас имамы Өсімхан Аманбайұлы ашып, қайырымдылыққа мұқтаж жандарды татулық пен достық мерекесі – Айт мерекесімен құттықтады. Және «осынау айт мерекесіне орай ұйымдастырылып отырған қайырымдылық шарасының мақсаты да – осы, сіздердің көңілдеріңізге қуаныш сыйлау. Біздің дініміз Ислам – бауырмалдық пен кішіпейілділікке үндейтін дін. Сондықтан шын ниетпен өздеріңізге тарту етілгелі отырған сыйымызды қабыл алыңыздар», – деді. Шара барысында наиб имам Болат Абдулкарим қайырымдылық пакеттерін үлестіріп, көмек сұрай келген ағайынның алғысына бөленді.
Қайырымдылық шарасы аясында 20-ға тарта отбасыға қайырымдылық пакеттері таратылды.
ҚМДБ-ның Атырау
облысы бойынша баспасөз қызметі,
қалалық «Әт-Тақуа» мешіті