«Нұрқас-Сатыбалды» мешітінде Айт намазы оқылды
Жылыой ауданы, Жаңа Қаротон елді-мекені «Нұрқас-Сатыбалды» мешітінде 25-маусым күні Айт намазы оқылды. Таңның атысымен мешіттің іші-сыртын лық толтырған жамағат уақыты кірісімен мешіттің бас имамы А.Сарсекеевке ұйып, намаз оқыды.
Айт намазынан кейін жиылған жамағат Айт дастарханынан дәм ауыз тиіп, бірін-бірі құттықтасты. Ораза Айт дастарханынан соң ұлттық спорттық ойындардан сайыстар өткізіліп, жеңімпаздарға сыйлықтар тарту етілді.
ҚМДБ-ның Атырау өңірі бойынша
баспасөз қызметі,
Жылыой аудандық мешіті