«Қ.Мұңайтпасов» мешітінде қариға құрмет көрсетілді
Атырау қалалық «Қ.Мұңайтпасов» мешітінде қасиетті Рамазан айы бойы тарауих намазын өткізіп, құран хатым еткен түркиялық хафыз Абубакір ұстазға мешіт имамы Н.Сүндетовтың ұйымдастыруымен құрмет көрсетіліп, қазақы салт дәстүріміз бойынша шапан жабылды.
Жамағат өз разылықтарын білдіріп, сөз соңында мешіт ақсақалдары тілектерін айтып, қимастықпен қоштасты. Алла тағала баршамызды келесі рамазан айында жүздесуімізді нәсіп еткей!
ҚМДБ-ның Атырау өңірі бойынша
баспасөз қызметі,
қалалық «Қ.Мұңайтпасов» мешіті