Нұр шашқан арайлы айт мерекесі
Атырау қалалық «Қ.Мұңайтпасов» мешітінде айт мерекесіне орай дастархан жайылып, жамағаттар арасында ұлттық спорттық ойындардан жарыс ұйымдастырылды.
Қазақша күрес, арқан тарту, гір тас көтеру, ләңгі тебу сияқты ойындарына жамағаттар ұйымшылдықпен белсене қатысты. Ауызбіршілік пен ынтымаққа баулитын шара көптің көңілінен шығып, жүлделі орындарға бағалы сыйлықтар таратылды.
Мұсылман бауырлар арасында ұлттық дәстүрді ұмытпайтын азаматтар көбейе берсін!
ҚМДБ-ның Атырау өңірі бойынша
баспасөз қызметі,
қалалық «Қ.Мұңайтпасов» мешіті