Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Қайырымдылық – қайырлы іс

Дінімізде мұқтаждың қажетін өтеп, жетім-жесірге қамқор болу, жағдайы төмен адамдарға көмек қолын созу  қайырлы іс болып табылады. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) хадисінде былай дейді: «Су отты қалай сөндірсе, садақа да дәл солай күнәларды жояды», - деп мұқтаждың қажетін өтеуге үндеген.

Мешіттерде қайырымдылық шараларын көптеп ұйымдастыру – ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы жыл басында еліміз мешіттеріне белгілеп берген басым бағыттардың бірі. Сонымен қатар, Мүфти хазіреттің Рамазан айына байланысты берген арнаулы тапсырмасының маңызды мазмұны болып саналады.

Бас мүфтидің тапсырмасы бойынша айлардың сұлтаны болған Рамазан айына орай  «Жылыой мұсылмандар» орталық мешітінің Бас имамы А.Исаевтың бастамасымен мешіт ұжымы және кәсіпкерлер бірігіп 70-ке жуық отбасыға азық-түлік таратып, қайырымдылық акциясын өткізді.

Акция Жылыой ауданындағы  әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі жандар, қарттар мен жалғыз басты аналар, т.б мұқтаж адамдарды қамтыды.

Пайғамбарымыз (а.ғ.с) бір хадисінде «Көршісі аш бола тұра өзі тоқ болған адам бізден емес» деп қайырымдылық жасауды бізге өнеге еткен. 

ҚМДБ-ның Атырау өңірі бойынша

баспасөз қызметі,

Жылыой аудандық орталық мешіті

Жоғарыға