Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Атырау селосындағы мешітте 100 балаға оқу құралдары тапсырылды

Скачать шаблоны для cms Joomla 3 бесплатно.
Зелёные шаблоны джумла.

«Мектепке жол» республикалық акциясы аясында бүгін Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының Атырау облысы бойынша өкілі, орталық «Иманғали» мешітінің бас имамы Батыржан Мансұров әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасының жүз баласына оқу-құралдарын табыстады.

Сабақ құралдары салынған сөмкелер Атырау қаласына қарасты Атырау елдімекеніндегі мешітте тапсырылды. «Адамзаттың асылы пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) өз дәуірінде жас балаларға білім беруге қашанда құштар еді. Ибн Саъдтан келген риуаятта пайғамбардың (с.ғ.с.) әр сахабаға он баладан жинап, оларға жазу мен оқуды үйретуді бұйырғаны айтылады. Ислам ғалымдарының өзі жастарға білім мен дұрыс бағыт-бағдар беру керектігін баса айтып кеткен» деген облыстың бас имамы Батыржан қажы Берденұлы отбасында, мектеп қабырғасында қаланған білім негізінің баланың қоғамдағы орнын анықтап беретінін айтты. 

Атырау селолық мешітінің бас имамы Санат Өскенбаевтың айтуынша, аз қамтылған отбасылардың ішінде бір шаңырақта тоғыз балаға дейін тәрбиелеп отырған жанұялар да бар. «Жағдайы төмен отбасыларға екі айда бір рет ет, азық-түлік өнімдерін таратып отырамыз. Мемлекет қамқорлығындағы жетім балаларға да азық-түлік пакеті мен киім-кешектер жиі табысталады. Қайырымдылық мешіт жамағаты есебінен түскен садақалар, жекелеген демеушілер арқылы жасалып отыр» дейді ол. 

Мешіт қамқорлығына разы болған ата-аналар, балалар облыстың бас имамы Батыржан қажы Берденұлына, Атырау селолық мешітіне алғыстарын білдірді. «Мектепке жол» акциясы аясында әлеуметтік жағынан қамқорлықты қажет ететін отбасыларды қолдау үрдісі облысымыздың басқа да мешіттерінде жалғасады. 

«Иманғали» орталық мешітінің баспасөз қызметі.

Жоғарыға