Білімге құштар иманды жас
15 тамыз күні Жылыой ауданы, «Жылыой мұсылмандар» орталық мешітінің ұйымдастыруымен «Имани жаз-2017» жазғы діни сауат ашу курсы шәкірттері арасында алған білімдерін шыңдау, білім алуға деген ынта-жігерлерін арттыру мақсатында «Білімге құштар иманды жас» атты қыз-келіншектер арасында білім сайысы болып өтті. Бұл іс-шараны Жылыой орталық мешітінің бас имамы А.Исаев сөз сөйлеп ашып берді. Сайысқа «Жылыой мұсылмандар» орталық мешітінен қырыққа жуық шәкірт қатысты. Жарыс үш айналымнан тұрды: Құран оқу, діни логикалық ойындар, пайғамбарымыздың өмір тарихынан сұрақ-жауаптар ұйымдастырылды.
Әр айналым бойынша үздік шәкірттер іріктеліп, жеңімпаздар анықталды. Барлық қатысушылар мешіт тарапынан арнайы дайындалған әртүрлі сыйлықтарға және алғыс хаттарға ие болды.
Жылыой аудандық орталық
мешітінің баспасөз қызметі