Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Кәсіпкерлер 27 отбасыға қамқорлық көрсетті

Атырау қаласындағы «Дина» сауда орталығында кәсібін  дөңгелетіп отырған бизнес өкілдері «Мектепке жол» акциясына атсалысты.

«Дина» ЖШС намазханасының имамы Мұнархан Әлімовтің ұйымдастыруымен өткен қайырымдылық шарасында көмек негізінен жалғызбасты және көп балалы отбасыларға, мүгедек жандар тәрбиелеп отырған балдырғандарға  көрсетілді. Қамқорлыққа разы болған ата-аналар «Жаратқан Иеміз екі дүниенің бақытын берсін!» деп игі тілектерін жаудырды. 

«Дина» ЖШС сауда орталығы намазханасы әкімшілігінің хабарлауынша, Шара барысында қайырымдылық барлығы 27 отбасыға көрсетілді.

«Иманғали» орталық мешітінің баспасөз қызметі.

Жоғарыға