«Құспан молла» мешітіндегі қайырымдылық
«Мектепке жол-2017» акциясына орай,Атырау қалалық «Құспан молла» мешітінің бас имамы Эммат Ғұмаров әлеуметтік жағынан әлжуаз топтың балаларына тосын сый жасады.
Оқушыға қажетті киім-кешек, аяқ-киім, оқу құралдары салынған сөмкелерді табыс еткен бас имам Эммат Ғұмаров балаларға оқуда сәттілік тіледі. Және әр баланың қоғамнан өз орнын табуына білімнің ерекше ықпал ететіндігін атап өтті. Жабырқай келіп, жадырап қайтқан аналар мейірімділік сыйлаған мешіт ұжымына ризашылықтарын жеткізді.
Айта кетелік, жалғыз басты аналар, мүгедек жандар, аз қамтылған отбасылар қамтылған қайырымдылық акциясы мешіт жамағаты тарапынан түскен садақа негізінде жүзеге асты.
Атырау қалалық «Құспан молла» мешітінің әкімшілігі.