Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Доссорлық балалар Құран оқып жарысты

Мақат ауданы қарасты Доссор селосында орналасқан «Сатен Шәмек»  мешітінде балалар арасында Құран оқудан жарыс болып өтті.  

Шара барысында мешіттің бас имамы Батыр Бердіқұлов Құран-Кәрімнің қасиеті туралы әңгімелеп, оны оқу әрі, жаттап алудың маңызы жөнінде айтты.

          Шара соңында жеңімпаздар анықталып, арнайы сыйлықтар табыс етілді. Ақсақалдар жағы балалардың оқу мәнеріне, алғырлығына ерекше разылықтарын білдірді.

Айта кетелік, «Исра» сүресінің, 9-аятында «Негізінде осы Құран ең тура жолға салады. Әрі дұрыс іс істеген мүміндер үшін әрине зор сыйлық бар екендігін сүйіншілейді» деген жолдар бар.

«Иманғали» орталық мешітінің баспасөз қызметі.

Жоғарыға